2009 жыл қаржы әлемі үшін қиын жыл болады - М. Ломтадзе

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2009 жыл қаржы әлемі үшін қиын жыл болады. Бұл пікірді БАҚ өкілдерімен кездескен KASPI bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASPI bank-тің басқарма төрағасының пікірінше, 2010 жыл өзенді кешіп өтуі тиіс буйволдың тағдырына ұқсас болмақ. Күштілер кешіп өтіп, одан әрі жүруін жалғастырады. Ал әлсіздер өзенде қалып қоймақ. Қазір әлемдік экономикада қайта қалыптасу жүріп жатыр. Өйткені дәл осындай әлемдік дағдарыс болған емес» дейді Михайл Ломтадзе. Оның пікірінше, биылғы жылы да Қазақстандық банктердің алдында былтырғы дағдарыспен күресу және несие тәуекелдерін басқару сынды екі өзекті мәселе тұрады. Екіншісіне отандық банктер жоспарлы түрде бағдарламалар қабылдап жатқанын айтқан Ломтадзе мырза бұл бағытта өз банкінің де тәуекелділік менеджменті қалыптасқанын, алдағы уақытта қазіргідей айына 20 мың несие беруді жалғастыратынын айтады.