Бүгін Парламент Сенатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жарлығық капиталын арттыруға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігі» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
Бұдан бөлек жылжымалы мүлік нарығындағы проблемаларға тоқталған министр дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде 46 проблемалық нысанның құрылысы аяқталғанын атап өтті. Осының арқасында 11 мың үлескердің мәселесі оң шешімін тапқан.
«Мұндай шаралардың нәтижесінде 2010-2011 жылдары құрылыс саласында дамудың оң үдерістері байқалды. Жалпы, 2014 жылдың аяғына дейін проблемалы саналып келген тағы 5 нысан іске қосылады», - деді Е. Досаев.