Бұл туралы бүгін аталмыш департаментте өткен брифингте ведомство басшысы Абзал Естаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жылдың басынан бері 9 ай ішінде департаментте 23 жұртшылық тыңдауы өтті. Оның 11-інде тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту мәселелері қаралып, 4-інде нормативтік-техникалық шығындарды бекіту туралы өтініштерін және 8-інде тарифтік сметалардың орындалуын қарастыру сөз болды», - деді А.Естаев.