деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Соның ішінде ет пен балық сатып алуға жұмсалған шығын үлесі -6,6 пайыз, жеміс-жидек пен көкөністер-16,2 пайыз, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа-14,5 пайыз, нан өнімдері-8,9 пайыз, қант, шай және тамақ қоспалары-2,3 пайызды құрап отыр.
Яғни әрбір адам басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 13393 теңге. Нақтырақ айтсақ, 13 жасқа дейінгі балалардың күнкөріс азығы -10450 теңге, 14-17 жас аралығындағы ұл балалардікі-16900 теңге, ал қыз балалардікі-12948 теңге, еңбек етуге қабілетті кәмелеттік жастан асқан ерлердікі-16032 теңге, әйел азаматтардікі -12729 теңге.
Ал зейнеткерлер мен егде тартқан адамдардың күнкөріс деңгейі-12533 теңгені құраған.