деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметі бойынша, он бір айда республикамызда 32,3 млрд. текше метр газ өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға көп. Тұтастай алғанда қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,7 пайызды құраған.
Атап өтерлігі, ағымдағы жылдың он бір айында мұнай, газ конденсатын, табиғи газ, уран кенін, коксты, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру өсті. Республикамыздың 5 өңірінде өндірістің өсуі тіркелген. Ал Маңғыстау облысында өндірістің көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес. Сонымен бір мезгілде, химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, құрылыс материалдарындағы, түсті және қара металлургия өнімдеріндегі және электр энергиясындағы өндіріс төмендеген. Өндіріс көлемінің азаюы республиканың 10 өңірінде байқалып отыр.