2009 жылдың сәуір айында еліміздің тұрғын үй нарығында бағаның құбылуы байқалды ? Статистика агенттігі

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2009 жылдың сәуір айында еліміздің тұрғын үй нарығында бағаның біршама құбылуы байқалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылдың сәуір айында өткен айлармен салыстырғанда тұрмысқа жайлы тұрғын үйлерді қайта сату бағасы 0,6 пайызға көтерілсе, одан төменгі санаттағы үйлердің бағасы 0,2 пайызға қымбаттаған. Ал тұрмысқа жайлы үйлерді жалдау бағасы 0,8 пайызға төмендеген. Жалпы алғанда, өткен сәуір айындағы жаңа тұрғын үйлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 142 мың 063 теңгені құраса, бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 3,7 пайызға, ал 2008 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 10 пайызға төмен болып табылады. Сондай-ақ, өткен айда тұрмысқа жайлы үйлерді қайта сату бағасы шаршы метріне 107 мың 015 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2008 жылдың желтоқсан айына қарағанда 0,9 пайызға, ал 2008 жылдың сәуір айына қарағанда 15,8 пайызға төмен болып отыр.