2009 жылдың соңына қарай инфляция деңгейі 11 пайыз шамасында болжанып отыр

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылдың соңына қарай инфляция деңгейі 11 пайыз шамасында болжанып отыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Теңге девальвациясының жасалуын есептегенде, 2009 жылдың соңына қарай инфляция 11 пайыз деңгейінде болжануда. Ал 2013 жылдың аяғына таман ол 5,5-7,5 пайызға төмендеуі ықтимал», - деді министр.