2009 жылғы Әлем аруының есімі мәлім болды

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Багам аралдарында өткен «Әлем аруы-2009» сұлулық конкурсының жеңімпазы болып Венесуэланың 18 жасар сұлуы Стефания Фернандес жарияланды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлауда.

Ал  «Әлем вице-аруы» атағы   Доминикан  Республикасының  өкілі  Аде Айми де ла Крузға  бұйырса,   қытайлық   ару  «Ақылына көркі сай   ару»  атағын  алды.      Ал  таиландтық     бойжеткен  «Суретте  бет-әлпеті  жақсы  шығатын сұлу» атағына ие   болды.