деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«2009 жылғы қарашада жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 548,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2009 жылғы қарашаның соңына 79,7 мың адам ресми тіркелген. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,9 пайызын құрады, бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткiшпен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа көп», делінген Статистика агенттігінің бүгін таратқан хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, республика экономикасында 2009 жылғы қарашада (бағалау бойынша) 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 15,7 мың адамға немесе 0,2 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,2 млн. адамды құрады. 2009 жылғы қарашада бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызын құрады.