2009 жылғы шілденің 1-інен бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғайтылады

АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат -  Астаналық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі 2009 жылғы шілденің 1-інен бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғайтылатынын ескертіп отыр,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ендігі жерде, айлық есептік көрсеткіш 1296 теңгені құрайтын болады. Тиісінше айыппұлдардың сомасы да ұлғайтылды: мысалы, бұған дейін қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 6 365 теңге болса, ол 6 480 теңгені құрайтын болады.