Бұл көрсеткіш рекордтық деңгейге - 1,6 триллион долларға жақындайды деп күтілуде. Былтыр АҚШ бюджетінің дефициті 455 миллиард долларды құраған болатын.
Барак Обама әкімшілігінің менеджмент және бюджет кеңсесі, 2010-2019 жылдардағы кезеңде ел бюджеті дефицитінің жиынтығы 9 триллион долларға жетеді деп пайымдауда. Конгрестің Бюджет кеңсесі алдағы 10 жылда Америка 7,14 триллион доллар көлемінде дефицит жинақтайды деп санайды. Ұзақмерзімдік болжамдағы айырмашылықтар салық түсімдерінің есеп-қисабымен байланысты. Үкімет жылдық табыстары 250 мың доллардан кем отбасылар үшін салық жеңілдіктерін сақтап қалмақ.
Шенеуніктер мен заңнамашылар 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 10 пайызға көтеріледі деп күтуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін ел экономикасы оң көрсеткіштер көрсете бастайды, бірақ экономиканың қалпына келу үрдісі баяу жүреді, дейді мамандар.