2009 жылы әлемде жұмыссыздар саны 200 миллион адамнан асады

None
МӘСКЕУ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат – Экономикалық жағдай нашарлай түскен жағдайда, 2009 жылы әлемде жұмыссыздар саны 210 миллион адамға жетеді,
2007 жылғы көрсеткіш 180 миллион шамасында болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Халықаралық еңбек ұйымының жаһандық есебінде осындай мәліметтер келтіріліп отыр. Бірақ та, одан да пессимистік нұсқада жұмыссыздар қатарына 50 миллион адам қосылып, жұмыссыздық деңгейі 7,1 пайызға жету ықтималдығы айтылуда. Халықаралық ұйымның болжамы бойынша, «жұмыс істейтін кедейлердің» саны, яғни күніне отбасының әрбір мүшесі үшін 2 доллардай күнкөріс табатын адамдардың саны 1,4 миллиард адамға жетуі мүмкін, бұл шамамен әлем бойынша еңбекпен қамтылғандардың 45 пайызы.