17:39, 23 Қаңтар 2009
2009 жылы Азиада-2011 ойындарына қатысты спорт нысандарын салуға және жаңартуға 23,9 млрд. теңге көзделіп отыр
АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ – Алматының салықтық түсімдерінің 60 пайыздан астамы шағын және орта бизнес субъектілерінің есебінен қамтамасыз етілетінін ескергенде 2009-2010 жылдарға арналып қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру бойынша Бағдарламада дәл осы секторға айрықша көңіл бөлінген.
Бұл жөнінде кеше Алматыда қала әкімінің орынбасары Мұрат Құдышев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.М. Құдышевтың айтуынша, осы бағытта мемлекеттік сатып алуға қатысуға шағын және орта бизнес субъектілерін барынша тарту, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесе отырып, кәсіпкерлерді қолдау орталығын құру бойынша жұмыстарды күшейту ұсынылады, кәсіпкерлікті дамыту және бизнестік ахуалды жақсартудағы кедергілерді жою үшін заңнамалық және нормативтік базалар жетілдірілетін болады. «Индустриялық-инновациялық салаға қолдау көрсетілмейінше, экономиканы тұрақтандыру мен оны одан әрі орнықты дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА мен қалалық бизнес-инкубатордың жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру бөлігінде индустриялық-инновациялық дамытудың қолданыстағы бағдарламасына түзету енгізу, ғылымды өндіріспен іс жүзінде байланыстыруды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-өндірістік бірлестік түрінде қалалық орталық құруды жоспарлап отыр», ? деді М. Құдышев.Ол қала инфрақұрылымын дамытуға жеке көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл қаланы энергетикалық қамтамасыз ету, көліктік қызмет көрсетуді, жол құрылысын жетілдіру салаларындағы жобаларды іске асыруды қажет етеді. «Қаланы дамытудың маңызды факторы 2011 жылғы Азиаданы өткізуге даярлық бағдарламаларын іске асыру болмақшы. Осыған орай Алматы қаласында қысқы ойындарға қатысты спорт нысандарын салуға және жаңартуға 2009 жылы республикалық бюджетте 23,9 млрд. теңге көзделген», ? деп хабарлады әкімнің орынбасары.