деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«Өткен жылдың ішінде тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағалар 6,2 пайызға өсті. Өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім - 31 пайызға, ауылшаруашылық өнiмі - 12,7 пайызға арзан болды», делінген агенттіктің бүгін таратқан хабарламасында. Агенттіктің мәліметінше, жыл ішінде құрылыстағы бағалар 4,5 пайызға, жүк көлігі қызметтеріне тарифтер - 1,3 пайызға өсті. Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтері 0,2 пайызға арзандады.