2009 жылы еліміздің сыртқы сауда өнімдеріне бағаның өскені байқалды

АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылы елімізде сыртқы саудаға қатысты өнімдерінің бағасы өскені байқалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, шетелге шығарылатын тауарлар 2009 жылы 10,2 пайызға, ал Қазақстанға әкелінген тауарлар бағасы 0,8 пайызға қымбаттаған. Сонымен бірге, есепті кезеңде экспорттық тасымалдар бойынша газ конденсатына баға - 43 пайыз, түрлі-түсті металдарға 34,5 пайыз, мұнай өнімдеріне 33,7 пайызға, мұнайға 21,5 пайыз көтерілгені байқалды. Ал бағаның төмендеуі табиғи газға 37,6 пайызды, қара металлға 22,4 пайызды, көмірге - 8 пайызды құраған. Бұдан басқа, жүн бағасы 18,3 пайызға қымбаттаса, мақта - 2,9 пайызға, астық - 44 пайызға арзандаған.

Импортталатын өнімдер бойынша темекі - 14,6 пайызға, тоқыма бұйымдары 13,6 пайызға, ет өнімдері 12,8 пайызға, фармацевтикалық өнімдер - 8,6 пайызға, чай - 8,3 пайызға, қант - 8, кофе - 7,7 пайызға қымбаттаған. Ал бояулар мен лактар - 20,5 пайызға, күріш - 14,5 пайызға, өсімдік майы - 9,4 пайызға, аяқ киім -9 пайызға арзандаған.