2009 жылы Кавказ бен Орталық Азия елдерінің экономикалық өсуі 0,9 пайызға дейін баяулайды - Халықаралық валюта қоры

None
ВАШИНГТОН. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - 2009 жылы Кавказ бен Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімдерінің өсуі 0,9 пайызды шамалайды.
Халықаралық валюта қорының сарапшылары осындай түйінге келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері бойынша департаменттің директоры Масуд Ахмедтің айтуынша, аймақ елдерінің басым көпшілігінің жаһандық қаржы нарықтарымен тығыз байланыстары жоқ. Тауарлық бағалардың тым құлдырап кетуі, ақша аударылымдары мен экспортқа деген сұраныстың қысқаруы инвестициялық ағымның азаюына және экономикалық белсенділіктің күрт баяулауына себеп болады. Ресей экономикасының ахуалы да аталған өңірлерге теріс әсерін тигізетіні анық. Халықаралық валюта қорының болжамынша, Ресейде 2009 жылы жалпы ішкі өнім 6 пайызға қысқарады. Аймақтық экономикалық дамудың қалпына келу мерзімі мен қарқыны сауда-саттықтың жаһандық жағдайының жақсаруына және экономиканы ынталандыру жөніндегі үкіметтік шаралардың тиімділігіне байланысты болмақ. Халықаралық валюта қорының соңғы баяндамасына сүйенсек, жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2009 жылы Арменияда - 5 пайызға, Қазақстанда ? 2 пайызға қысқарады. Қырғызстан экономикасының өсу қарқыны ? 0,9 пайызды, Грузиянікі ? 1 пайызды, Тәжікстанның көрсеткіші ? 2 пайызды, Әзірбайжандікі ? 2,5 пайызды, Түрікменстанда ? 6,9 пайызды, Өзбекстанда ? 7 пайызды құрайтын болады.