2009 жылы мұғалімдерді аттестациялау тоқтатылады ? Премьер-Министр

None
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрлігіне 2009 жылы мұғалімдерді аттестациялауды тоқтата тұруды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бір жағынан мұғалімдерді аттестациялау дұрыс мәселе. Екінші жағынан «ауылда мұғалімдер жетіспей жатқан кезде, бізді аттестациядан өткізесіздер» деген әңгімелер де айтылып жатыр. Мен бүгін мынадай шешім қабылдаймын: мұғалімдерді аттестациялауды 2010 жылдан бастаймыз, 2009 жылы тоқтатата тұрамыз», - деді бүгін аталмыш министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде К. Мәсімов.