Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне «Локомотив» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Мысалы, қаңтардың 9-ында Алматы облысының Медеу стансасында күзеттегі теміржол өткелінде сағат 14.59-да жеңіл автокөлік Алматы-Новосібір бағытындағы №326 жолаушылар пойызының локомотивімен соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан локомотив те, көлік те зақымданып, автокөлік жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Локомотив ауыстырылып, нәтижесінде жолаушылар пойызы графиктен 1 сағат 11 минутқа кешікті», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Оқиға жол қозғалысы ережесін бұзған автокөік жүргізушісінің кінәсінен орын алған.