Бұл белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың жинақталуының жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етеді. Үкіметтің қаулысымен бекітілген еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамында осылай атап көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет мұндай болжамдарды елдің экономикалық әлеуетіне байланысты жасап отыр. Орта мерзімді кезеңдегі негізгі теңгерімді экономикалық өсу инвестициялық үдерістерді және тұтынушылық белсенділікті ынталандыруға ықпал ететін болады.
2010-2014 жылдары тұтынудың өсуі орташа 2,6 пайызды құрайды. Бұл ретте, мемлекеттік тұтыну үй шаруашылықтарындағы тұтынумен салыстырғанда барынша жоғары қарқынмен өседі.
Тұтастай алғанда, алдағы кезеңде Үкімет ЖІӨ-нің құрамдауыштары қамтамасыз етілетінін мәлімдеп отыр.