деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұдан былай Шәмші Қалдаяқовтың туған күні жылсайын атап өтілетін болады. Қазір Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына келесі жылды Шәмші Қалдаяқов жылы деп атау туралы үлкен мәселе қойып жатырмыз», дейді Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының директоры Қалдыбек Құрманәлі.
" Шәмшіні - Шәмші еткен халқы. Қазақ әнінің қадірін білетін қарпайым халық оны ту қылып ұстады. Қазір әншілердің үшінші буыны оның әндерімен елге танылып жатыр", дейді халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов.