Сонымен қатар әлемдік экономиканың құлдырауын Халықаралық валюта қоры едәуір терең деп бағалап отырғандықтан, көтерілу, тиісінше, баяу болады. Үкіметтің Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында елдің сыртқы даму жағдайына қатысты осындай түсіндірме берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем елдеріндегі қаржы жүйесіне сенімділікті қалпына келтірумен қоса дағдарысқа қарсы белсенді шаралар өсуді жылдамдатуға ықпал ете алады.
Орта мерзімді кезеңде әлемдік қаржы дағдарысынан болған жаһандық қаржы нарықтарын түзету, әлемдік капиталды қауіптерді төмендету мақсатында қайта тарату жүргізілуі ықтимал көрінеді.
Орта мерзімді кезеңде әлемдік экономиканың жандануы мен оның өсу қарқындарының жоғарылуы сұраныстың өсуіне және ресурстарға бағалардың өсуіне ықпал ететін болады.
Әлемдік экономиканың даму перспективаларын ескере отырып, орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар нарықтарында бағалардың күрт өсуі күтілмейді.
Халықаралық ұйымдар мұнайға, металдарға әлемдік бағалардың біртіндеп көтерілуін болжап отыр. 2010 жылдан бастап әлемде мұнайды тұтынудың 2014 жылға дейін жыл сайын 1,5-3 пайызға өсетіні күтілуде. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша, 2010 жылы мұнайға әлемдік баға бір барреліне 60-70 АҚШ доллары шегінде болады.
Ал ABARE-нің (Австралия Үкіметі жанындағы ауыл шаруашылғы, жер қойнауын пайдалану және энергетика саласындағы экономикалық зерттеулер бюросы) болжамы бойынша, 2010 жылдан бастап металдарды әлемдік тұтыну көлемі орта есеппен 2014 жылға дейін жылына 4-6 пайызға өсуі күтілуде. Бұл металдарға бағалардың көтерілуіне мүмкіндік тудырады.
Әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайлар тұрақталады және сыртқы қарыз алу шарттары жақсарады деп болжануда. Орта мерзімді кезеңде металдарға әлемдік баға жыл сайын орташа 5-8 пайызға артады.