2010 жылдан бері елімізде корпоративтік табыс салығының түсімі екі есеге астам өсті - Б. Сұлтанов
Еске сала кетейік, комитет отырысында 2013 жығы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің есептері талқыланған болатын.
Министрдің айтуынша, өткен жылы кірістер бойынша жоспар толығымен орындалды. Алайда, корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар орындалмаған. «Талқылаулар барысында дәл осы мәселеге назар аударылып келеді. Дегенмен, айта кетейік, корпоративтік табыс салығы өсіп келеді және 2010 жылдан бері бұл 2 есеге артты. Бүгінгі күні бұл түсім көрсеткіші 1 триллион теңгеден асады. Салықтың осы түрінің жиыны экономика өсіміне сай келеді. Алайда, өзгермелі конъюнктуралық жағдайларда салықтың осы түріндегі өсімді болжамдау күрделі», - деді Қаржы министрі Б.Сұлтанов.
Оның айтуынша, жалпы 2013 жылғы республикалық бюджет кірістері 5 180 млрд. теңгені құрады. Бұл кірістер жоспарының барлық баптар бойынша 100,5 пайызға орындалғанын білдіреді. «Дегенмен корпоративтік табыс салығы, шағын және орта бизнестің дамуы, Кеден одағының баждарға әсері, сыртқы сауда статистикасы бойынша көп сұрақтар болды», - деді Б. Сұлтанов.