«2010 жылдың айшықты 10 оқиғасы»-республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 30 желтоқсан, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде «2010 жылдың айшықты 10 оқиғасы» деген тақырыппен мақала жарияланды. Онда жылдың маңызды 10 оқиғасының рейтингісі ұсынылған. Басылымның бағалауынша, 2010 жылдың айшықты 10 оқиғасы мыналар: №1. ЕҚЫҰ саммиті, Астана декларациясы; №2. Қырғыз дағдарысы; №3. Ұлт көшбасшысы туралы заңның қабылдануы; №4. Досқалиевтің ісі; №5. Халық санағының қорытындысының ресми түрде жариялануы; №6. «Ел бірлігі» доктринасының ұлттық бағытта қабылдануы; №7. Тіл саясатының біршама алға жылжуы; №8. Жас министрлердің рейтингісінің артуы; №9. Кедендік одақ іске қосылуы; №10. Референдум өткізу туралы бастаманың көтерілуі.

«Қазақ халқының 2011 жылдан да күтері көп. Қа­зақстан келер жылы Ислам кон­ференциясы ұйымына төра­ғалық етумен қатар, ЕҚЫҰ басшы­лығының «үштігінен» де алыс­тамай­ды. Бұл арада са­рап­­шылар «билік діни және ұлттық ба­ғыттағы мәселе­лерге де ерекше назар аударады» деп үміттенеді. Рас, 2010 жылы еліміздің халық­аралық аре­нада­ғы дәрежесі өсті, бірақ 2011 жылы билік ішкі мәсе­лелерге бет бұруы қажет»,- делінген мақалада.

Сонымен қатар «Айқынның» бүгінгі санында «Ата заңға өзгерістер енетін болды» деген тақырыппен көлемді мақала басылды. «Төменгі палатаның жалпы отырысында қос шатырлы Пар­ламент депутаттары «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциясына өзгеріс енгізу мәселесі бойынша Қазақстан Рес­публикасы Президентінің респуб­ли­калық референдум тағайындауы туралы» мәселені қарап, Үндеу жолдады. «Парла­мент Қазақстан Конституциясының 24-бабы, 2-тармағы, 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстанды құру мен нығайту ісіне баға жетпес үлес қосқан, Отанымызды прогресс пен гүл­дену жолына бастап келе жатқан, тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы әрі оны құрушы ретінде Сізге - Тұңғыш Прези­дент - Елбасына республикалық ре­ферен­дум тағайындау бастамасымен Үн­деу жолдайды, - деп қайырылады де­путаттар өз Үндеулерінде Нұрсұлтан Назарбаевқа, - және оған «Сіз респуб­ли­калық референдумда Тұңғыш Пре­зидент - Елбасы Н.Назарбаевтың Пре­зиденттік өкілеттілігін ұзарту мерзімін көздейтін Қазақстан Конституциясына өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдайсыз ба?» деген мәселені шығаруды өтінеді. Парламент депутаттары, Қазақстан хал­қы секілді, еліміздің жарқын болашағын тек Сізбен және Сіздің есіміміңізбен байланыстырады», - делінген мақалада. Бұл жайында толық білгіңіз келсе, басылымның бүгінгі нөміріне зер салыңыз.

***

"Миссия посла завершена". «Казахстанская правда» газетінің бүгінгі санында осындай тақырыппен жарық көрген ақпаратта кеше ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугландты оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдағаны жазылған. «Кездесуде екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту мәселелеріне қатысты төраға Қазақстан АҚШ-пен көп жоспарлы ынтымақтастықты, оның ішінде парламенттік үнқатысуды жалғастыруға мүдделі екенін айтты. Қ.Тоқаев Қазақстан-Америка ынтымақтастығын заңнамалық тұрғыда одан әрі қамтамасыз етуге Сенаттың ұмтылысын атап өтті. Төрағаның пікірінше, жоғары саяси деңгейдегі екіжақты алмасу тәжірибелерін жалғастыра беру қажет», - делінген мақалада.

Сонымен қатар аталмыш басылымның бүгінгі санында «От крепких контактов к взаимовыгодным проектам» деген тақырыппен Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілі Ахмед Местоевтен алынған сұхбат жарық көрді. Сұхбатында Ахмед Местоев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттықтың келешегі және Кеден одағы құрылғаннан кейінгі бұл бағыттағы перспективалар жайлы ойымен бөліскен.

***

«Экспрес К» газетінің бүгінгі нөмірінде «И снова "Сконто» атты мақала басылды. Онда футболдан Сантк-Петербор қаласында өтетін 2011 жылғы Достастық кубогы үшін жарыстың күнтізесі анықталғаны жазылған. Бұл жарыста Қазақстан намысын 2010 жылғы ел чемпионы - Қостанайдың «Тобыл» командасы қорғайды. «Жеребе нәтижесінде Қазақстан чемпионы «Тобыл» "Сконто"(Латвия), "Мика" (Армения) және "Бунедкор" (Өзбекстан) командаларымен бірге «В» тобында ойнайтын болды. Қостанайлықтар турнирді 15 қаңтарда "Бунедкормен" кездесуден бастайды. «Тобыл» келесі күні "Микамен" ойнайды. Ал топтық турнирдегі соңғы матчын «Сконтомен» өткізеді. Біздің команда ширек финалға шыққан жағдайда, «А» тобындағы үздік шыққан командалардың бірімен кездеседі», - делінген мақалада.