ДДСҰ соңғы бағалаулары бойынша, 2008 жылы әлемде туберкулез ауруының 9 миллион фактісі тіркеліп, оның салдарынан 1,7 млн. адам қайтыс болды, соның ішінде ЖҚТҚ жұқтырғандар мен дәріге төзімді туберкілез сырқатына ұшыраған 400 000 адам да бар.
Қазақстанда 2007 жылдан бергі соңғы 3 жылда осы аурумен ауыратындар саны 16,7 пайызға кеміп, адам өлімі көрсеткіші 28,7 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
2010 жылдың бірінші қаңтарына шаққанда республикамыздың фтизиатрлық қызметтерінің бақылауында белсенді туберкулез сырқатына ұшыраған 28 800 ауру тұр
Аймақтар үшін республикалық бюджет қаржысынан қымбат бағалы құрылғылар (торакоэндобейнекопиялық кешен, УЗИ аппараты, биологиялық сөрелер, микробиологиялық, биохимиялық, гематологиялық және иммуноферменттік сараптамалар) мен рентгендік диагностикалық аппараттар сатып алынды.
2011 жылдан бастап туберкулезге қарсы қызметтерге арналып рентгендік диагностикалық 23 жылжымалы кешен сатып алу да жоспарланып отыр.