2010 жылдың басында Қазақстан халқының саны 16 миллион 196,8 мың адамды құрады

АСТАНА. Ақпанның 4-і.ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 2009 жылғы халық санағының мәліметтерін қоса алғанда 16 миллион 196,8 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, осы халық санағының қорытынды деректеріне сәйкес, қазақтардың үлесі 63,6 пайызды құрады. «Атап айтқанда, қазақ халқы санының өсімі байқалып, бүгінде ол 10098,6 мың адамға жетіп отыр», - деді Агенттік төрағасы.

Айта кетейік, орыс диаспорасының үлесі 23,3 пайызды, өзбектер 2,9, украиндар 2 пайыз, ұйғырлар 1,4, татар диаспорасы 1,2, немістер 1,1 , сондай-ақ басқа да этностар 4 пайызды құрап отыр.