2010 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның халықаралық қорларының көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларына өсті

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның халықаралық қорларының көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларына өсті. Бұл туралы бүгін жартыжылдықтың қортытындысына арналған Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

«2010 жылдың бірінші жартыжылдығына елдің халықаралық қорларының көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларына өсіп, 53,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Соның ішінде ұлттық қордың активтерінің көлемі 26,5 млрд. АҚШ долларына жетті», - деді министр.