2010 жылдың қаңтар-шілдесінде ауыл шаруашылығы саласындағы ішкі жалпы өнім 1,3 пайызға артты - Ә.Смайылов

None
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылдың қаңтар-шілдесінде ауыл шаруашылығы саласындағы ішкі жалпы өнім 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға артып, 460,0 млрд. теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Ә.Смайыловтың айтуынша, аталмыш кезеңде физикалық көлем индексі 87,8 пайыз болды. «Бұл оңтүстік өңірлерде егін ору науқанының аяқталып жатқанымен және биыл бұл өңірде астықтың аз болатындығымен байланысты», - деді ол.

Мал шаруашылығындағы өсім - 3,4 пайызды құрады.

Сондай-ақ Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, көлік саласындағы өсім - 106,8 пайызды, жүк айналымында - 10,4 пайызды құрады. Оның ішінде автомобиль көлігінде - 22 пайызға, құбырлар арқылы мұнай және газ конденсатын тасымалдауда - 25 пайызға және әуе көлігінде - 1,5 пайызға артты.