2010 жылдың күзінде нан бағасы көп жағдайда негізсіз және алып-сатарлық негізде қымбаттаған- ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың тамыз айында Тараз, Ақтау, Шымкент қалаларында нан бағасы 5-7 теңгеге қымбаттады. ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі нарық жағдайына тексеру жүргізіп, нан бағасын қымбаттатудың орынды себебі жоқ екенін анықтады.

Нан бағасы нарықтағы алып-сатарлардың жағдайды пайдаланып, баға келісімін жасап алуынан негізсіз қымбаттаған, делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратып отырған ақпаратта.

Нарықтағы сатушылардың көбі көрші елдердегі құрғақшылықты сылтау етіп, нан бағасын жоғарылатқан, ал бұл монополияға қарсы орган тарапынан негізді себеп деп танылмайды.