Бұл туралы бүгін арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансының директоры Бауыржан Байсеркин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл жаңалық еліміздің медицина саласындағы үлкен жетістігіміз болмақ. Өткен жылы құс тұмауына қарсы жұмыстар атқарылса, үстіміздегі жылы доңыз тұмауына қарсы ғылыми зерттеулер аяқталуға жақын қалды. Бұйыртса, Қазақстан келесі жылдан бастап отандық вакцинаны шығара бастайды», деді Б. Байсеркин.
«Әзірге елімізде эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Шекара аймағындағы барлық санитарлық бекеттер сәулелі тепловизорлармен және қажетті стационарлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Егер жағдай ушығатын болса, Қазақстан A/H1N1 вирусына қарсы вакциналарды сатып алуды жоспарлап отыр. Жағдайға байланысты сатып алу мерзімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайтын болады. Бізге тек қауіпсіз жоғары сапалы вакцина қажет», деп атап өтті РСЭС басшысы.