деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, ағымдағы жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағалар 0,9 пайызға өсті. Өндіруші-кәсіпорындардың өнеркәсіптік өнімі 1,4 пайызға, ауыл шаруашылығы және құрылыста 0,3 пайыздан қымбаттады. Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтер 6,6 пайызға қымбаттады, ал электр байланысы қызметтері 0,6 пайызға арзандады.