2010 жылғы қаңтар айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,3 пайызға төмендеді

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑2010 жылғы қаңтар айында өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,3 пайызға төмендеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылғы қаңтарда 2009 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 2,8 пайызға төмендеген, ал өңдеу өнеркәсібінде - 0,2 пайызға, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 9,2 пайызға жоғарылады. Сонымен бірге, өткен айда бағаның газ конденсатына - 3,6 пайызға, мұнайға - 3,4 пайыз, табиғи газға - 0,3 пайызға төмендеуі байқалса, электр энергиясына - 12 пайыз, жылу энергиясына - 5,1 пайыз, дизель отынына - 3 пайыз, бензинге - 2 пайыз, көмірге - 1,1 пайыз өсімі тіркелген.