деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Салалық құрылымда ең жоғары жалақы бұрынғыдай қаржы және сақтандыру қызметінде - 165,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 144,7 мың теңге (1,9 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 138,7 мың теңге (1,8 есе) деңгейінде сақталуда. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерде - 37,5 мың теңге көлемінде белгіленген, бұл республикалық көрсеткіштен орта есеппен 51,6 пайызға кем», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның атап өтуінше, өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында 145,5 мың теңге көлемінде тұрақтауда. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге артық. Ал Жамбыл облысында аталған сома 52,1 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа деңгейден 32,7 пайызға төмен.