ҚР Статистика агентігінің мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,2 пайызға, азық-түлік емес тауарларына - 0,6 пайызға, ақылы қызмет көрсетулерге - 0,4 пайызға өсті.
«Өткен айда бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне 0,8 пайызға, ал қарақұмық жармасына - 13,8 пайызға, сөкке - 1,7 пайызға, ұнға - 1 пайызға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,8 пайызға, макарон өнімдеріне - 0,5 пайызға белгіленді», -делінген Аганттіктің бүгінгі таратылған хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, есепті кезеңде жұмыртқаның бағасы 5,4 пайызға, күнбағыс майынікі - 4,9 пайызға, картоптікі - 4 пайызға, жаңа жиналған көкөністердікі - 2,7 пайызға, жаңа сауылған сүттікі - 2,4 пайызға, қанттың бағасы - 1,5 пайызға, кофе, шай және какаонікі - 1,3 пайызға, ет өнімдерінің бағасы - 0,7 пайызға қымбаттаған.
Сонымен қатар, баға қатты отынға 3,3 пайыздан, сұйытылған газ бен дизель отынға - 1,3 пайыздан, кітаптар мен газеттер, шыны және қыш бұйымдарға - 0,8 пайыздан, киім мен аяқ киімге - 0,6 пайыздан, бензинге - 0,5 пайыздан, фармацевтикалық өнімдер, жуғыш және тазалағыш құралдарына - 0,4 пайыздан өсті.
Баға деңгейі мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтеріне 0,9 пайызға, мәдениет қызметтеріне - 0,7 пайызға, денсаулық сақтау қызметтеріне - 0,5 пайызға, шаштараздар қызметтеріне - 0,4 пайызға жоғарылады.
Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер сумен жабдықтауға 0,9 пайызға, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газ бен кәрізге - 0,8 пайызға өсті, ал орталықтан жылытуға - 0,1 пайызға төмендеді.