ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы қазанда өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда май мен тоң май бағасы - 14,2 пайызға; кофе, шай және какао - 11,9; жарма, жемістер мен көкөністер - 11,7; қант - 11; сүт өнімдері - 9,2; кондитерлік өнімдер - 7,9; тоқаш пен ұн өнімдері - 6,3; алкогольді ішімдіктер - 4,9 және нан - 0,2 пайызға артты. Ұн керісінше 9,3 пайызға арзандағаны байқалды.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,3 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 10,4; шұжық өнімдеріне - 8,2; құс етіне - 7,7; шошқа етіне - 7,4 және жылқы етіне - 4,4 пайызға жоғарылады.