Кездесу барысында Қырғызстан президенті аппаратының өкілі Қырғызстан мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың «Евроньюс» телеарнасына берген сұхбаты барысында орын алған жағдайға байланысты қынжылатынын білдірді.
«Қырғызстан Президенті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүрегімен құрметтейді. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және көршілік қарым-қатынас бұрынғыша жоғары деңгейде қалатынын растау мақсатында Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевқа ҚР СІМ басшысымен серіктестікті ары қарай дамыту мәселелерін жеке талқылау тапсырылады», - деп сендірді С.Исаков.