2010 жылғы шілде айында тұрғын үй нарығында бағалардың өзгеруі байқалды - ҚР Статистика агенттігі
13:02, 10 Тамыз 2010
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылғы шілде айында тұрғын үй нарығында бағалардың өзгеруі байқалды.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылғы шілдеде жаңадан бой көтерген үйлердің бағасы оның алдындағы аймен салыстырғанда 0,1 пайызға, қайта сатылымға түскен жайластырылған үйлердің бағасы - 0,5 пайызға және жайластырылмаған баспаналар 0,6 пайызға қымбаттады.
Мәселен, жаңа тұрғызылған үйлердің 1 шаршы метрі 138 мың 815 теңгені, қайта сатылымға түскен жайластырылған үйлердің бағасы 102 мың 064 теңгені, жайластырылмаған үйлердің бір шаршы метрі 60 мың 548 теңгені құрады. Ал тұрмысқа жайлы пәтерлерді жалға беру құнында ағымдағы жылғы маусым-шілдеде өзгеріс болған жоқ, оның бір шаршы метрі 811 теңге сомасында қалып отыр.