Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен мәлім етті.
2010 жылдың шілде айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан орта есеппен есептелген халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі, оның алдындағы маусым айымен салыстырғанда 1,6%-ға азайды, ал 2009 жылғы шілдеге қарағанда - 6,1 пайызға өсті.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,4 пайызды, сүт, май, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 15,1 пайызды, жемістер мен көкөністерге - 14,4 пайызды, нан және жарма өнімдеріне - 8,4 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,7 пайызды құрады.
Шілде айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 13 743 теңге (2010 жылғы маусымда) деңгейінде белгіленген болса, 0-13 жас аралығындағы балалар үшін ол - 10 771 (маусымда 10 923 тг.) теңгені; 14-17 жастағы жасөспірімдерге, оның ішінде ұлдарға - 17 378 (17 659) және қыздарға - 13 315 (13 530) теңгені; 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті: ерлер үшін - 16 429 (16 701) және әйелдерге - 13043 (13 528) теңгені; сондай-ақ зейнеткерлер мен қарт адамдарға 12879 (13 087) теңгені құрады.