«Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 1,2, азық-түлік емес тауарлар - 0,4, ақылы қызметтер 0,1 пайызға қымбаттады», - делінген ведомство ақпаратында.
Сонымен қатар желтоқсанда нан және жарма өнімдері бағасы 0,5, қарақұмық - 10,5, арпа жармасы - 1,6, ұн - 0,6, макарон өнімдері 0,4 пайызға өсті.
Картоп бағасы 4,7, сары май және тоң май - 3,5, жұмыртқа - 3,4, жеміс-жидектер мен көкөністер 3, құрғақ сүт - 2,9, қант - 2, кофе, шай, какао - 0,9, балық және теңіз өнімдері 0,7, ет өнімдері 0,4 пайызға артты.
Ал темекті өнімдерінің бағасы 2,3, қатты отын - 1,7, газ - 0,8, киімдер, аяқ киімдер, жеке тазалық тауарлары - 0,4, дәрі-дәрмектер, жуу және тазарту заттары 0,3 пайызға өсім көрсетті. Бензин 0,5, дизель отыны 4,1 пайызға қымбаттады.
Сондай-ақ мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтерінің бағасы 0,6, шаштараз - 0,3, денсаулық сақтау және мәдени орындар - 0,2, алыс қашықтарға темір жол жолаушылар көлігі шамамен 1 пайызға өсті.