2010 жылғы желтоқсанда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi - Статистика

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылғы желтоқсанда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«2010 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда бағалар тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге - 0,7, ауыл шаруашылығы өнімдеріне - 5,7, өнеркәсіпте - 2, құрылыста - 0,6, көтерме саудада 0,5 пайызға өсті. Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне тарифтер 0,1 пайызға арзандады, ал жүк көлігімен тасымалдауда баға өзгеріссіз қалды», - делінген ведомство ақпаратында.