Жоспар жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын және ҚР-ның 2010-2020 жылдар кезеңіндегі құқықтық саясатының тұжырымдамасын есепке ала отырып әзірленген.
Заң жобасы жұмыстары жоспарына 34 заң жобасын өңдеу кіреді. Оның 9-ы дербес заң жобасы болса, 25-і қолданыстағы заңға түзетулер енгізу болмақ. Өткен жылдармен салыстырғанда 2010 жылы жоспарға енген заң жобаларының саны біршама азайған. Атап айтқанда, 2008 жылы 68, ал 2009 жылы 45 заң жобасы қаралған болатын.
Заң жобасы жұмыстарының жоспары ҚР Президентімен келісілгеннен кейін қаңтар айында бекітіледі.