2010 жылы әрбір қазақстандық 300 келі сүт пен сүт өнімдерін тұтынды - ҚР АШМ

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы әрбір қазақстандық 300 келі сүт пен сүт өнімдерін тұтынды.

Бұл туралы ҚРАШМ Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Рүстем Құрманов айтты.

«2010 жылы бір адамға шаққанда 300 келі сүт пен сүт өнімдері тұтынылды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сүт зауыттарына қайта өңдеуге 1,4 млн. тонна сүт жіберді. Яғни, 2010 жылы өндірілген сүттің жалпы көлемінің 30,4 пайызы қайта өңделді. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға көп», - деп атап өтті Р.Құрманов.

Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылы сүт өнімдерінің өндіріс көлемі оның алдыңғы жылмен салыстырғанда ақшалай көрсеткіш бойынша 23 пайызға немесе 113,9 млрд. теңгеге артық болды.