Бұл жөнінде бейнеконференция өткізу кезінде ҚР Президентіне облыс әкімі Бергей Рысқалиев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл газ-турбиналық стансы - жылу орталығын кеңейту жобасындағы бірінші кезең. 2010 жылы жылу электр стансысына әрқайсысына қуаттылығы 25 МВт болатын тағы екі стансы пайдалануға берілетін болады. Одан кейін жалпы қуаттылық 290 МВт құрайды. Электр энергиясының бұл мөлшері аймақтың қуаттылығын қамтамасыз ету үшін толығымен жетіп жатыр.