2010 жылы Азиялық даму банкі жол құрылысы саласы мен шағын және орта бизнесті қолдауға 1 миллиардтан астам доллар бөлуді жоспарлап отыр - банктің вице-президенті Шао Жао

None
СТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азиялық даму банкінің вице-президенті Шао Жаоны қабылдады.

Кездесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Азиялық Даму Банкі атынан мен Президент Н.Ә.Назарбаевты дағдарыстық кезеңнен кейінгі елдегі табыстарымен және әлемдегі қойлайсыз қаржылық жағдайға қарамастан жедел экономикалық өсімге қол жеткізгендігімен құттықтадым. Мен Президентке Азиялық даму банкінің Қазақстанмен бірлескен ынтымақтастық бойынша не істеп жатқанын баяндадым. Биылғы жылы біз жол құрылысы саласы мен шағын және орта бизнесті қолдауда бірқатар жобаларды қаржыландыру үшін 1 миллиардтан астам доллар бөлуді жоспарлап отырмыз. Біз Қазақстанмен ынтымақтастық табысты болатынына сенімдіміз, - деді Ш.Жао.