Кездесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
- Азиялық Даму Банкі атынан мен Президент Н.Ә.Назарбаевты дағдарыстық кезеңнен кейінгі елдегі табыстарымен және әлемдегі қойлайсыз қаржылық жағдайға қарамастан жедел экономикалық өсімге қол жеткізгендігімен құттықтадым. Мен Президентке Азиялық даму банкінің Қазақстанмен бірлескен ынтымақтастық бойынша не істеп жатқанын баяндадым. Биылғы жылы біз жол құрылысы саласы мен шағын және орта бизнесті қолдауда бірқатар жобаларды қаржыландыру үшін 1 миллиардтан астам доллар бөлуді жоспарлап отырмыз. Біз Қазақстанмен ынтымақтастық табысты болатынына сенімдіміз, - деді Ш.Жао.