Кеңесті ашқан Премьер-министр А.Атамбаев жиналған қауым алдында Бішкек және Ош қалалары ЖЭС-ына газ және отын жеткізу мәселесін өзекті етіп ұсынды. «Біздің басты мақсатымыз - халықты тоқтаусыз газ және жылумен қамтамасыз ету», - дем мәлім етті Алмазбек Атамбаев.
Одан кейін Қырғызстан Республикасының энергетика министрі Асқарбек Шәдиев жыне «Қырғызгаз» ААҚ-ның бас директоры Тұрғынбек Құлмырзаев жылу жеткізу жағдайы туралы ақпарат берді. Олардың мәлімдеуінше, биылғы жылы газ жеткізуде қиындық туындамайды. Қазіргі таңда газ үшін Қырғызстанның Өзбекстан алдында еш қарызы жоқ. Келер жылға газ жеткізу жөніндегі алдын ала уағдаластық бар.
«Дәл қазір Өзбекстанмен қол қойылған ресми келесім жоқ, біз келесі жылға газ жеткізу жөніндегі мәселені ойдағыдай шешу жолдары мен әдістерін табуымыз керек», - деді Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2010 жылдың 22 желтоқсанындағы жағдай бойынша елдегі көмірдің қалғаны 242,4 мың тоннаны құраған.
Бішкек қаласының ЖЭС-да 2010 жылғы және 2011 жылдың 1 тоқсанындағы көмірге деген сұраныс көлемі 850 мың тоннаны, соның ішіндегі 750 мың тоннаны қазақстандық және 100 мың тоннаны қырғыз көмірі құраған.