Бұл пікірді бүгін елордада өткен жел энергетикасы саласындағы жобалардың даму перспективасына арналған семинарда БҰҰ Даму бағдарламасы «Қазақстан - жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» жобасының кеңесшісі Геннадий Дорошин білдірді.
«Қазақстанда жел энергетикасына қатысты бірқатар жобалар дайын. Өткен жылы желтоқсанда Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Үкіметте келісім ережесін бекіткен болатын. Менің ойымша, 2010 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында шынайы қозғалыс басталады», дейді ол.
Оның айтуынша, БҰҰ Даму бағдарламасының «Қазақстан - жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» жобасы шеңберінде Астана, Арқалық, Ерейментау, Қарқаралы қалаларында, Каспий маңында, жалпы 10-ға жуық жел энергиясы стансыларын салуға болатын жерлерге алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жерлер туралы толық ақпаратты аталған жобаның ресми сайтынан толық алуға болады.
«Бұл зерттеулер инвестрлардың көңілін аудару, яғни Қазақстандағы жел энергиясы стансыларының құрылысына қатысты өз жобаларын әзірлеу мақсатында жасалды», дейді Г.Дрошин.