Оның айтуынша, биылғы жылы ең аз өсім тележарнамада болады. Болжам бойынша 8 пайыздық өсім көрсетеді. Алайда басқа салалармен салыстырғанда тележарнаманың үлесі биылғы жылы азаймақ.
«2009 жылы еліміздегі жарнама берушілердің жиырмалығына кіретін комапниялардың 75 пайызы тележарнамаға жүгінсе, биыл ол көрсеткіш 67 пайызға азаяды. Бұның орнын сыртқы жарнама басады. Биылғы жылы сыртқы жарнама 32,4 пайыздық өсім көрсетеді»,- деді Т. Старцева.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандық жарнама саласының табысының артуына әлемдік жарнама нарығының өсім көрсетуі түрткі болады. Биылғы жылы әлемдік жарнама да 12 пайыздық өсім көрсетіп, 449 миллиард долларды құрайды. Бұл ретте Қазақстандық жарнама нарығының табысы 154 миллион доллар көлемінде болуы мүмкін.
Құрылтайға қатысқан «Видео интернешнл Қазақстан» агенттігінің бас директоры Ділмұрат Рақымовтың айтуы бойынша, Қазақстандық жарнама нарығының табысы 2011 жылы да өсіп, 193 миллион долларды құрайды. Әйтсе де қазіргі таңда Қазақстандық жарнама саласының табысы әлі де төмен.
«Мысалы жарнама нарығының табысы жан басына шаққанда АҚШ-та - 546, Ресейде 41 болса, Қазақстанда 10 доллардың айналасында ғана»,- деді сарапшы. Ол сондай-ақ елімізде интернет жарнаманың дамымай отырғанын тілге тиек етті. «Қазақстанда қазіргі таңда интернет жарнама нарығының 1,15 пайызын ғана құрайды. Ал Ресейде 11 пайыз, жалпы әлемдік нарықтың 14 пайызы интернет жарнаманың үлесінде», - деді ол.
19:11, 12 Қараша 2010
2010 жылы Қазақстандық жарнама нарығы 12 пайызға өседі
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2010 жылы Қазақстандағы жарнама нарығының табысы 12 пайызға өседі. Бірақ дағдарыс алдындағы ең жоғары көрсеткіш жарнама нарығына 2012-2013 жылдары ғана оралуы мүмкін. Бүгін Алматыда өткен үшінші медиақұрылтай барысында медиа саласын зерттеуші TNS Гэллап Медиа Азия агенттігінің бас директоры Татьяна Старцева осындай болжам айтты.