Бұл туралы бүгін сүт саласындағы мәселелерге арналған конференцияда ҚРАШМ Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Рүстем Құрманов айтты.
«ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша, 2010 жылы сүт өнімдерінің импорты 355 млн. долларды немесе республикаға әкелінген тамақ өнімдерінің барлық импортының 15 пайызын құрады», - деді Р.Құрманов.
Ол атап көрсеткендей, Қазақстанға сүт өнімдерінің негізгі жеткізушілері - Беларусь, Ресей, Украина және Қырғызстан мемлекеттері.
Министрлік өкілі Қазақстан сондай-ақ, өзінің сүт өнімдерін де эскпорттайтынын жеткізді. «Біздің басты тұтынушыларымыз - Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей елдері. 2010 жылы оның алдыңғы жылмен салыстырғанда аталмыш елдерге қышқыл сүтті өнімдердің экспорты 29 пайызға артты», деді ол.