деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Қазгермұнай», «CCEL» («Қаражанбасмұнай»), «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді қосқанда, 2010 жылы 13 285 мың тонна (тәулігіне 270 мың баррель) мұнай өндірді. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 788 мың тоннаға немесе 16 пайызға артық. Өндіру көлемінің артуы, негізінен, 2009 жылдың желтоқсан айында «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының 33 пайыз үлесін сатып алумен байланысты. 2010 жылға арналған өндірістік жоспарды «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалынан басқа барлық өндірістік филиалдар мен кәсіпорындар асыра орындады.
Компанияның атап өтуінше, «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдары 2010 жылы 8 766 мың тонна (тәулігіне 177 мың баррель) өндірген, бұл 2009 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 196 мың тоннаға немесе 2 пайызға аз. Өткен жылы 8 962 мың тонна (тәулігіне 181 мың баррель) өндірілген болатын.
«Бұл ретте «Ембімұнайгаз» ӨФ жоспарды 1 пайызға асыра орындады, ал «Өзенмұнайгаз» ӨФ жоспарды 1 пайызға кем орындады. «Өзенмұнайгаз» ӨФ-де өндіру көлемінің азаюына 4-18 наурыз аралығында «Өзенмұнайгаз» ӨФ-де болған наразылық акциясы кезінде ұңғымалар қорына қызмет көрсету режімінің бұзылуы, мұнай кәсіпшілігі қондырғыларына дер кезінде жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі, сондай-ақ 2010 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында орын алған ауа-райының қолайсыздығына байланысты кен орындарында электр қуатын шектеу және апатты жағдайда сөну жағдайлары әсер етті», - делінген баспасөз хабарламасында.