2010 жылы кедендік төлемдер мен салықтардан ел бюджетіне 722,9 млрд. теңге көлемінде түсім түсті

None
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан бюджетіне кеден төлемдері мен салықтардан түскен түсімдер 722,9 млрд. теңгені құрады.

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы болжамды тапсырма 113,8 пайызға орындалды. Кеден төлемдері мен салықтардан 2009 жылы түскен түсімдер көлемі 575,4 млрд. теңгені құраған болатын.